KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
486.65 524.46 5.05

Өскеменде бірнеше шағын аудан жарықсыз қалды

Фото: depositphotos.com

18.06.2024, 18:10 133 Ынтымақ Толқын

Облыс орталығында және оның бірнеше шағын ауданында жарық сөнді.

Оған қатты жауған жаңбыр мен екпінді жел себеп болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Біріккен энергосервистік компания» АҚ ақпараты бойынша, 18 маусымда түскі бірлер шамасында электр энергиясы апаттық жағдайда өшіп қалған.

 – Қазіргі уақытта авариялық бригада жедел жұмысқа кірісті. Қазыбек би даңғылының бір бөлігіне жарық берілді. Әуежай және Прохладная шағын ауданында электр қуаты қалпына келтірілді. Ал Жыланды кенті, ЖМК ауданы (Сәтпаев даңғылы), 19 шағын аудан (Көкжал-Барақ көшесі), Әл-Фараби даңғылы, Меновное (соңғы көшесі, Базовая көшесі, Центральная көшесі, Максим Горький көшесі) шағын ауданында жарық әлі берілмеді, – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Ескі Согра шағын ауданы, Прапорщиков және Опытное поле ауылы, Глубокое ауданының Ушановский кенті де электр жарығынсыз қалған. Қалпына келтіру жұмыстары жақын арада жүргізілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив