Тағы бір бала терезеден құлады – Өскемен
Фото: depositphotos.com
Облыс орталығында үш жасар қыз терезеден құлап кетті.
Оқыс оқиға Тынышбаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша бала бесінші қабаттан құлап, көліктің үстіне түскен.
– Терезеден құлаған бала реанимация бөліміне жеткізіліп, нейрохирургия бөліміне ауыстырылды. Онда мамандар тиісті ем көрсетті. Қазіргі уақытта қыз бала ауруханадан шығарылды, – деп хабарлады ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жағдайды есептемегенде, жыл басынан бері Өскеменде балалардың терезеден құлауының екі оқиғасы тіркелген. Құтқарушылар тұрғындарға алдағы уақытта осындай оқиғаларды болдырмау үшін терезелерге қауіпсіздік құрылғыларын орнатуды ұсынып отыр.
Оқи отырыңыз