KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Жақындауға тыйым салу - процестік мәжбүрлеу шарасын қолданудың негізі

Фото: depositphotos.com

20.06.2024, 15:44 143

Біз қызмет бабында тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылықпен жиі бетпе-бет келеміз. 
Тұрмыстық зорлық-зомбылық дегеніміз - бірге өмір сүретін адамдар арасындағы физикалық, жыныстық немесе психологиялық зорлық-зомбылық. 
Тұрмыстық зорлық-зомбылық балалар мен ата-аналар немесе қамқоршылар, ата-әжелер немесе бауырлар арасында болуы да мүмкін. 
Статистика көрсеткендей, ер адамдарға қарағанда әйел адамдар мен балалар жиі тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне Қазақстан Республикасының 15.04.2024 № 72-VIII Заңымен бірқатар өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда:
     108-1-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру
     109-1-бап. Ұру
     121-1-бап. Он алты жасқа толмаған адамдарды жыныстық сипаттағы қорлау
1979 жылғы 18 желтоқсанда қабылданған және 1998 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы ратификациялаған әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияға, сондай-ақ 1997 жылғы 20 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған және 1998 жылғы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою туралы декларацияға сәйкес елімізде әйелдерге қатысты кемсітушілік пен зорлық-зомбылық актілерінің алдын алу, тергеу және жазалау мәселелеріне ұлттық заңнамаға сәйкес тиісті назар аударылды. 
Осы Халықаралық құқық нормалары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделетін және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұратын қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көрініс тапты.
Сондай-ақ іске қатысы бар өзге де адамдарды қорғау мақсатында, тбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы күш қолданумен немесе оны қолданамын деп қорқытумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтың нақты қаупі болған жағдайда ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 165-бабында жақындауға тыйым салу көзделгенін айта кету керек. 
Жақындауға тыйым салу жәбірленушіні және іске қатысатын өзге адамдарды қорғау мақсатында күдіктінің, айыпталушының, сотталушының оларды іздестіруін, олардың ізіне түсуін, оларға баруын, олармен телефон арқылы сөйлесуін және өзге де тәсілдермен қарым-қатынас жасауын шектеуден тұрады. Жақындауға тыйым салуды тергеу судьясы санкциялайды не оны сот қолданады. 
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы күш қолданумен немесе оны қолданамын деп қорқытумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтың нақты қаупі болған не оны күдікті, айыпталушы жасаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жәбірленушінің немесе қорғалуға жататын өзге адамның жазбаша арызы бойынша сот алдында жақындауға тыйым салуды санкциялау жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулы шығарады және оны сотқа жібереді. 
 Жақындауға тыйым салуды санкциялау туралы өтінішхатты тергеу судьясы өтінішхат сотқа келіп түскен кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде жеке-дара қарайды. 
Тергеу судьясы өтінішхатты және істің ұсынылған материалдарын қарап шығып, жақындауға тыйым салуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Жақындауға тыйым салуды санкциялау немесе одан бас тарту туралы қаулыға осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін. 
Жақындауға тыйым салу туралы қаулыда осы процестік мәжбүрлеу шарасын қолданудың негіздері және жақындауға тыйым салу түрлері, сондай-ақ оның сақталуын бақылау жүктелетін орган көрсетілуге тиіс. Жақындауға тыйым салу туралы қаулының көшірмесі прокурорға, күдіктіге, айыпталушыға, қорғаушыға, қорғалатын адамға және бақылауды жүзеге асыратын органға тапсырылады. 
Жақындауға тыйым салу бұзылған кезде күдіктіге, айыпталушыға осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы, сондай-ақ бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін. 
Жақындауға тыйым салудың күшін жоюды осы шараға қажеттілік жойылған кезде – прокурордың келісуі бойынша қылмыстық қудалау органының уәжді қаулысымен, не қылмыстық істі сотта қарау барысында сот жүзеге асырады. 
Процессуалдық мәжбүрлеудің бұл шарасы өзекті болып табылады, өйткені оны қолдану кез келген физикалық немесе психологиялық зорлық-зомбылық мүмкіндігін болдырмай, қылмыстық құқық бұзушылық субъектісімен бірге тұратын жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өскемен қаласы мамандандырылған тергеу сотының судьясы Побияха Л.А.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив