KZ
Өскемен
+5°
туман жел 1 м/с, В
478.89 528.74 5.29

Шығысқа кеңестік автоспорттың аңызы келді

6.08.2024, 19:26 114 Анель Слямғазықызы

Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласына , кеңестік және ресейлік автоспорттың аңызы, Ресей Федерациясының автомобиль раллиі бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушысы,  Еуропа чемпионы, КСРО-ның екі дүркін чемпионы, профессор Эдвард Сингуринди бақ өкілдерімен кездесіп, сұхбат барысында  Шығыс Қазақстан облысында  автоспортты дамыту бойынша ниеті барын жеткізді. Оған себепте жоқ емес екендігін, бұл істің әлқиссасы сонау 2021-ші жылы облыс әкімі Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі  болған кезінде бастау алғанын жеткізді. 

“Сол кезедегі Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Беделбайұлының ұйытқы болуымен Санкт-Петербургте спорттық және кәсіби қолданбалы автожарыс бойынша Қазақстан мен Ресей студенттерінің халықаралық матч кездесуі өткен болатын. Шараны Ресей автомобиль федерациясы, Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мен Қазақстанның Санкт -Петербургтегі бас консулдығы жоғары деңгейде ұйымдастырды.  Мен сол кезде Ермек Беделбайұлының  автомобиль спортына деген көзқарасы арқылы, автоспортттың қәдімгі кәсіби маманы екеніне көз жеткіздім. Айта кетейін 2021-ші жылы өткен шара жастар арасында мотоспортқа деген қызығушылықты дамыту, тәжірибе алмасу және екі елдің студенттері арасындағы достық байланысты нығайтты”, деп атап өтті Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Эдвард Сингуринди.

  Көрші елден келген  мейман автоспортты дамыту арқылы, көлік жүргізушінің бойында ептілік, салқынғандылық қалыптасып, өз кезегінде бұл жол көлік оқиғаларындағы қайғылы жайттарды азайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Қуаныш Рахметоллаұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив