Жаңа оқу жылында қандай жаңашылдықтар күтеді?
pexels.com
Осы қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға арналған 3,5 мың кеңес беру пункті өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
87 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңа мектептерде қарсы алуда. Жалпы 2024-2025 оқу жылы 536 мың оқушы орнына арналған 302 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Оқу бағдарламасына буллингке қарсы іс-шаралардың бірі - «Қауіпсіздік сабағы» енгізілуде.
1,7 млн оқушы мектептерде тегін тамақпен қамтылады.
Колледждерде оқитын 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 50%-ға артты.
Оқи отырыңыз