COVID-19: Тегін дәрі кімдерге беріледі?
COVID-19 вирусынан үйде емделіп жатқан науқастар дәрігердің тағайындауымен Бесқарағай аудандық ауруханасынан аудан тұрғындары тегін дәрі ала алады.
– Аудандық ауруханада 30 күнге жететін дәрі-дәрмек бар. Олардың ішінде ыстық түсіретін, вирусқа қарсы қолданатын дәрілер мен антибиотиктер түгел қамтылған. Үйінде коронавирустан емделіп жатқан науқастарға да дәрігер тағайындауымен тегін дәрі беріледі, – деп жазды аудан әкімдігі ресми парақшасында.
Ауруханадағы инфекциялық стационарда 60 орын бар. Қосымша 40 орын қосуға мүмкіндік жетеді. Стационарда да қорғаныс құралдары түгел. Сегіз жасанды дем беретін құрылғы, 25 оттегі концентраторы, екі рентгенге түсіру аппараты бар.
– Ауылдарда арнайы мобильді топ жұмыс істейді. Коронавирустың екінші толқынына дайындық ойдағыдай, – дейді аудан басшылығы.