KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
516.13 538.01 5.29

Өскеменде пульмонологиялық орталық қарашаның ортасына қарай ашылады

31.10.2020, 06:57 430

Облыс орталығындағы жаңа медициналық мекеме компьютерлік томография аппаратымен жабдықталады. Сондай-ақ мемеде ПТР-зертхана жұмыс істейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстық ақпараттық орталығының деректеріне сүйенсек, пульмонология орталығында 15 қарашаға қарай тәулік бойы жұмыс істейтін стационар, анестезия, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері ашылады.  

– Барлық қажетті заманауи жабдықтар, соның ішінде компьютерлік томография аппараты жеткізілді. Әр бөлмеде оттегі розеткалары бар. Жалпы 150 төсек-орын бар. Сондай-ақ орталықтың өз ПТР-зертханасы жұмыс істейтін болады, – деп жазылған ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, пульмонологиялық орталық Шәкәрім даңғылындағы бұрынғы «БСМП» базасында ашылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу