KZ
Өскемен
-22°
плотный туман Штиль
499.76 521.7 5.63

Үржарда "палаткада" той жасап жатқандардың үстінен түсті (ВИДЕО)

30.10.2020, 13:17 167

Үржар ауданындағы мониторингтік топ қоғамдық тәртіпті бұзып, тыйым салынған ойын-сауық мекемелерге және үй-жайларда рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр. 

Соның нәтижесінде Жандосов мекенжайы бойынша тұратын Үржар ауылының тұрғынына айыппұл салынды. 

Бейнежазбада байқалғандай, той иелері ханның шатырындай ақ үй тігіп, дүбірлетіп той жасап жатыр. Ондағы адамның қарасы да көп. Ал әлеуметтік қашықтық туралы айту да қисынсыз. 

- Үржар ауданының полиция бөлімі мен Үржар аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан коронавирустың алдын алу мақсатында енгізілген режимге байланысты халықтың санитарлық-талаптарды ұстануын тексеру бойынша рейдтік жұмыстар жалғасын табуда. Осындай рейдтердің бірінде үй ауласында карантиндік режимге сай келмейтін іс-шара өткізігені үшін жеке тұлға ретінде Үржар ауылының тұрғынына 30 айлық есептік көрсеткіш, яғни 83 340 теңге айыппұл салынды, - дейді  Үржар аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Елдос Бейсенов. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу