Жарма ауданында су желісі үйдің іргесіне дейін жеткізілді
![](/kz/uploads/posts/iblock/b94/b94d28217a9adc1b83216c36e84d1f27.jpg)
Nur Otan партиясы Жарма аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесі мүшелері мен «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аудандағы өкілі бірлесіп, Қапай Батыр ауылын сумен жабдықтау желілері құрылысы барысымен танысты.
– Жалпы құны 315 миллион теңгені құрайтын жоба арқылы 106 түтіні бар ауыл ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Мердігер «KAZFROFSTROY HOLDING» компаниясы бүгінде негізгі құрылыс жұмыстары мен жалпы ұзындығы 6,9 шақырымды құрайтын су желісін тарту жұмыстарын аяқтаған. Яғни, әрбір тұрғын үйлердің іргесіне дейін су желісі жеткізілген. Ендігі кезекте су мұнарасын орнату және су ұңғымаларына электр желілерін тарту жұмыстарын қолға алмақ. Жұмыс жоспарына сәйкес қараша айында нысанды қолданысқа беруді көздеп отыр, – деп жазды аудан әкімдігі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Қоғамдық ұйым өкілдері бірқатар ұсыныс-тілектерін жеткізе отырып, халық игілігіне бағытталған жұмыс уақытылы әрі сапалы жүзеге асуы тиіс екендігін алға тартты.