KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Өскеменде 55 аула абаттандырылды (видео)

25.10.2020, 18:49 240

Ағымдағы жылы облыс орталығында 55 аула абаттандырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бүл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

- Қаладағы аулалардың көбі абаттандыруды қажет етеді.  Өкінішке орай, біз барлық аулаларды бірден қамти алмаймыз, алайда жыл сайын облыс әкімінің бастамасымен Менің аулам бағдарламасы қарқын алып келеді, - дейді шаһар басшысы.

Өткен жылы аталмыш бағдарлама бойынша 25 учаске абаттандырылған екен. Ал осы жылы жұмыспен қамту жол картасының арқасында аулалардың саны 35-ке дейін артып отыр.

Барлық жөндеуден өтетін аулаларды қоғам және БАҚ өкілдерінің қатысуымен арнайы комиссия таңдап алады. Таңдау кезінде тұрғындардың, балалардың саны, ауланың ағымдағы жағдайы секілді және тағы да басқа факторлар ескеріледі.

Атқарылатын жұмыстардың қатарына жаяу жүргіншілерге арналған жолдар жасау, көшелерді жарықтандыру, аула ішілік жоладарды жөндеу мен кеңейту, балаларға арналған және спорт алаңдарын орнату кіреді.

Тағы 10 аулада қосымша балаларға арналған алаңдар және спорт алаңдары орнатылды.

Одан бөлек, абаттандыру бойынша дәл осындай жұмыстар 19-шы ықшам ауданындағы 10 аулада жеке жоба аясында жүзеге асырылды.

- Бұл болашағы бар аудан, онда көптеген жас отбасылар тұрады. Сондықтан мұнда аулаларды абаттандыру әсіресе маңызды екенін айта кеткім келеді, - дейді Жақсылық Омар.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив