KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 7 м/с, Ю
497.88 518.59 5.44

Глубокое ауданының жастары еріктілер қатарын толықтыруда

19.10.2020, 14:01 136

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Еріктілер жылы деп жариялады.

Глубокое ауданында жастар әрдайым аға буын мен көмекке мұқтаж жандарға көмекке келуге асығады. Солардың бірі - Алина Шанина есімді бойжеткен.

Алина - ең жас ерікті. Ол небәрі 14 жаста. Бойжеткеннің айтуынша, анасы оған қоршаған ортаны сүюге, табиғатты аялауға үйреткен.

- Бала кезімнен анам маған қоғамдық орындарда қоқыс тастамауды үйретті, сондықтан мен қоқысты үнемі жәшікке тастаймын. Мен де ұқыпты адамдарды құрметтеймін. Ал мектепте біз қарияларға көмектесеміз. Осыдан ізгі жұмыстар артқарғаннан кейін менің жаным жадырап, өзімді жақсы сезінемін, - дейді Алина.

Алина өзінің туып-өскен ауылына және жерлестеріне барынша көмектескісі келеді. Бастысы Алина ерікті болуды абырой деп санайды және ер жеткен соң да осы қызмет түріне уақыт табатынына сенімді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу