Тарбағатайда 48 көпбалалы отбасыға баспана беріледі
![](/kz/uploads/posts/iblock/163/1633683f7c5327128ba2da258889b7db.jpg)
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында 48 көпбалалы отбасыға баспана беріледі деп жоспарлануда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Осы мақсатта облыстық бюджеттен 604 миллион теңге бөлінген. Қазір үйлерді сатып алуға байланысты конкурс өткізілуде.
– Жер үй салу бастамасы келесі жылы да жалғасады. Әрбір округте екі-үш үйден салуды жоспарлап отырмыз. Сонда ғана кезекте тұрған адамдардың барлығын баспанамен қамтамасыз ете аламыз, – дейді аудан әкімі Асхат Смаилов.
Оқи отырыңыз