KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
501.31 520.11 5.33

Глубокое ауданында 26 адам қан плазмасының 78 дозасын тапсырды

13.10.2020, 08:40 83

Коронавируспен күресетін тиімді терапия жоқ кезде бүкіл әлемдегі, оның ішінде Қазақстандағы дәрігерлер ауыр науқастарды осы вирусқа шалдығып, емделіп шыққан адамдардың қан плазмасын құю арқылы аз да болса құтқарып қалуда. Елде мұндай донорлар үшін қосымша төлемдер енгізілді.

- Қазір коронавирустық инфекциядан сауыққан адамдардың қан плазмасы осы вирусты жаңадан жұқтырған адамдарға құйылады. Себебі ауырып шыққан науқастардың вирусқа қарсы иммунитеті бар, яғни олардың қанында антиденелер бар деген сөз. Олар COVID-19-бен күресте теориялық тұрғыдан көмектесе алады, - деп түсіндірді Глубокое аудандық ауруханасының терапевт дәрігері Әйгерім Шәріпбаева.

Әзірге, мұндай емдеудің тиімділігі дәлелденбеген, терапияның клиникалық сынақтары енді басталды. Дегенмен бұл қазіргі жағдайда науқастарды коронавирустық инфекциядан құтқарудың жалғыз жолы болып тұр.

Айта кету керек, Глубокое ауданының 26 тұрғыны плазманың 78 дозасын тапсырған. Бұл акция әлі жалғасуда. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу