Семейде 280 орынға шақталған балабақша ашылды
Бүгін Семей қаласына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Даниал Ахметов жаңа балабақшаның лентасын қиды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ұшақтар кентінде ашылған "Өрлеу" балабақшасында мемлекеттік тілде оқытатын 12 топ жұмыс істейді. Білім беру мекемесі балғындардың ой-өрісін дамытатын замануи құрал-жабдықтармен қамтылған. Айта кету керек, əлеуметтік нысан мемлекеттік-жекеменшік əріптестік аясында бой көтерді. Құрылыс жұмыстарымен "Сəт Транс" ЖШС айналысқан.
- Осының алдында мұндай балабақшаны Қарағайлы шағын ауданында іске қосылған еді. Ол 280 балаға арналған. Бүгін тағы бір білім ұясы есігін айқара ашты. Осылайша семейлік бүлдіршіндерді мектепке дейінгі біліммен толық қамтимыз. Кəсіпкерлер мемлкеттік-жекеменшік əріптестіктің мүмкіндіктерін жақсы түсінеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады, деді облыс басшысы.