KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
495.95 524.37 4.98

Зағип массажист айына 1 млн теңгеден астам пайда тауып отыр

26.12.2018, 04:12 94

Ербол Сейітқұлов мүгедекпін деп меселі қайтып, тауы шағылған адам емес. Зағиптығына қарамастан массаж жасауды меңгеріп, бүгінде миллондап пайда тауып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Көзі мүлде көрмейтін, құлағының естіуі нашар һәм туыстарының қолдауынан тыс қалған Ербол кәсіпті өте қиын жағдайда бастады. Үмітінен күмәні басым болғанын өзі де жасырмайды.


– Алматыда №4 мектеп-интернатты тәмамдадым да массаж жасау курсына жазылдым. Бітіре сала жұмыс істей бастадым. Маған келушілер басында сенімсіздікпен қарады. Ондай көзқарас кері әсер етсе де, мұқалмай, жігерімді жани түстім. Білімімді одан әрмен толықтырып, үйреніп жүрдім. Солайша пациенттерімнің дерт-дербезін дәл тауып, сырқатынан сауықтыра бастадым, – деді Ербол.


– Жеке бөлмемді ашқанда ешкім де сенбеді. Бірақ мен жалға алған орынымның және өзге де құрал-жабдықтардың ақысын шығарып тастағанда алғашқы айда 150 мың теңге табыс таптым. Содан бері 15 жылдай уақыт, ал еңбек жолымды бастағалы бері 24 жылдай уақыт өтті. Қазір айына 1 миллион теңге пайда табамын. Мыңға тарта пациентім бар, – деді еңбекқор азамат.


Айтысынша, басында бөлмесінің жалақысына ай сайын 100 мың теңге төлеп тұрыпты. Кейіннен оны жеке кәсіп қылып заңдастырған. Бұл жеке кәсіпті 2011 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестікке (ЖШС), бірте-бірте үлкен массаж орталығына айналдырған.


– Қай кезде де мәселе табылады. Бірақ ешбір қиындыққа қарамастан маған әйелім мен қызым көмек көрсетеді, – дейді Ербол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу