KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 1,6 м/с, ОШ
447.08 484.41 5.01

Өскеменде 2019 жылы аулалар жаңғыртылып, мектептер жөнделеді

22.12.2018, 07:26 129

Облыстың бас қаласында көпқабатты үйлердің аулаларын қайта жаңғырту, тозығы жетіп тұрған білім ошақтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу келержылы да жалғасын табады. Бұл жөнінде бүгін Өскемен қаласының әкімі ЖақсылықОмар қаладағы бірнеше әлеуметтік нысандарды аралап, жұмысымен танысу барысында мәлім етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Өскемен әкімі алдымен қаладағы Сәтпаев даңғылын қиып өтіп жатқан Шешек өзенінің көктемде су тасқынын туғызу қаупі бар учаскесіне анайы барып, тасқынның алдын алу жұмыстарымен танысты, былтырғы жағдай тағы да қайталанбауы үшін тиісті мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.


Келесі ретте Жақсылық Омар аталған Сәтпаев даңғылының бойында орналасқан, 48, 50, 50/1, 52, 54 мекенжайындағы және Виноградов көшесіндегі19, 21, 23, 25, 27, 29 көпқабатты үйлердің аулалық аумақтарын аралап көрді. Бұл аулаларда үйлер мейлінше тығыз орналасқан әрі ойнайтын бала да көп.


– Біз бүгін қалалық сала басшыларымен бірге келесі жылы аулалық аумақтарына қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуі қажет аулаларды қарастырдық. Бірінші кезекте тозып тұрған және қала орталығынан алыс жатқан аудандардың аулалары заман талабына сай жаңғыртылатын әрі кеңейтілетін болады, - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.


Сонымен қатар бұл күні қала басшысы облыс орталығының әр ықшам ауданында орналасқан №17 орта мектепте, №10 мектеп-гимназияда, №34 мектеп лицейде және №20 орта мектепте болып, білім ұжымдарының жұмысымен, ғимараттардың қазіргі жағдайымен танысты.


Кездесулер барысында білім ошақтарының барлығы да жөндеу жұмыстарын күтіп тұрғаны белгілі болды. Олардың кейбірі салынғалы бері ешқандай жөндеу көрмесе, енді бірінің жертөлесіне жыл сайын көктемде су толып жатыр.


Анықталған олқылықтарға орай қала әкімі Жақсылық Омар тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив