KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
440.9 475.95 4.82

"Курстастарыммен кездесуге кеттім". Семейде екі баланың анасы жоғалып кетті

5.12.2018, 04:08 200

2 желтоқсан күні Семей қаласында тұрғыны, 2 баланы анасы  Елена Сивирдова жоғалып кетті деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


“Rina.KZ Семей”еріктілер тобының мүшесі Евгения Павелдің айтуынша, жоғалған ана дәл сол күні отбасымен бірге автобуспен әжелерінің үйіне бара жатқан.


-Жұбайының сөзіне қарағанда Еленаға белгісіз біреу қоңырау шалған. «Мені курстастарыммен кездесуге шақырып жатыр» деген Елена автобустан асығыс түсіп қалады. Отағасы екі баламен бірге ары қарай әжелерінің үйіне кеткен. Екі сағат өткен соң Елена күйеуіне қоңырау шалып, кездесуде отырғанын айтады. Тағы екі сағат өткеннен кейін оның телефоны мүлдем сөніп қалған,-дейді еріктілер тобының мүшесі.


 Елена үйіне барып киім ауыстырып үлгеріпті. Өзімен бірге артық ештеңе де  алмаған. Кейін оның  ешқандай кездесуге бармағаны да мәлім болды.


Қазір жоғалған ананың қайда жүргені белгісіз. Үйінде екі кішкентай баласы мен жұбайы тосып отыр.


Үстіне сол күні тізесіне дейін жететін қызғылт-сұрқай түсті күздік куртка, басына  қызғылт түсті бас киім киген болуы мүмкін.


Елена Свиридованы көрген-білгендер болса  8-747-349-57-17 немесе 102 нөмірлеріне қоңырау шалып хабар берсе деген тілегіміз бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив