KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
475.18 510.72 5.47

1994 жылы Семейдің өз 50 теңгесі болған

23.11.2018, 05:37 135

Теңге алғаш айналымға енген жылдары Қазақстандағы әр өңірдің өз ақшасы болған,-деді Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғылыми-әдістемелік және көпшілікпен экскурсиялық жұмыстар» бөлімінің меңгерушісі Гүлнұр Шалатайқызы.


Мәселен, Семей облысында осы аумаққа ғана жарамды саналған жергілікті валютаны, яғни 50 теңгелік қағазды мекемелері жұмысшыларға еңбекақы ретінде берген. Ақша өте қарапайым түрде, жергілікті типографияда бастырылған. Қағазға тек «Семей облыстық әкімшілігі» деген жазу мен оның құны және шыққан жылы ғана басылған көрінеді. Алғашқы жылдары валюта аз болғандықтан мұндай ақша ресми түрде қолданыста болған. 50 теңгелік үлгі қазір жәдігер ретінде музей қорында сақталып тұр.


-Теңге Ұлыбританияда басылып шыққан соң  Ұлттық банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді. 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты. Қазіргі уақытта банкнот - Ұлттық банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета - Өскемендегі Теңге сарайында шығарылатындығы біз үшін үлкен мақтаныш,- дейді Гүлнұр Төртенова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив