KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями Штиль
443.16 480.39 4.94

Даниал Ахметов Бородулиха әкімінің жұмысын сынға алды

22.11.2018, 06:14 155

ШҚО басшысы Даниал Ахметов Бородулиха ауданының әкімі Григорий Акуловтың жұмысын сынға алып, көңілі толмайтындығын жеткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Әкімдікте өткен жиналыс барысында облыс басшысы Бородулиха ауданына қарасты Жезкент кентендегі учаскелік аурухананың нашар жағдайын тілге тиек етті.


-Жөндеу жұмыстары жүргізілмегенін көріп отырмын. 90-жылдардың бас кезіндегі секілді жыртық линолеум, - деді Даниал Ахметов. – Бұл аудан әкіміне абырой әкелмейді. Ол аздай, аудандағы автостанцияның мәселесі бір төбе. Ал сіз бұған көз жұмып қарап отырсыз. Нәтижесінде, мыңдаған адамдар далада аязда автобус күтуге мәжбүр.


Осыған орай аудандағы негізгі мәселелерді анықтау үшін арнайы инспекция жіберілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив