KZ
Өскемен
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Зайсанда мини футболдан жарыс өтті

18.11.2018, 04:00 192

ШҚО ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында Зайсан аудандық мәслихаты депутатының сыйлығына арналған мини футболдан жарыс М.Әуезов орта мектебінің оқушылары арасында өткізілді.


Аталмыш шараға 9-10-11 сынып оқушылары өздерінің өтініштерін білдіріп жарысқа қатысуға тапсырыс берді.


Онымен қоса мектептің оқытушылары қызығушылық танытып олар да бір команда шығарды. Бұл шара аудандық мәслихатының депутаты Шәріпбеков Олжас Бақытұлының бастамасымен жүзеге асырылды. Қараша айының 17 күні аудандық спорт метебінің залында өткен шараға Зайсан аудандық мәслихатының хатшысы Дәулет Нұрханұлы келіп қатысушы жастарға сәттілік тіледі.


Жарыс тартысты өтті себебі жүлдеге сапалы волейбол, футбол, баскетбол доптарымен волейболдың торы және арнайы кубоктер ойнатылды.


Жарыс нәтижесінде 3-орынды «11-Б» командасы, 2- орынды «Восток» командасы, 1 –орынды «Қайрат» командасы жеңіп алды. Барлық қатысқан командалар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив