Қазақстанда темекі қымбаттайды
Алдағы жылы 1 қаңтардан бастап темекінің бағасы қымбаттайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
20 даналық темекі қорабының бөлшек саудадағы ең төмен бағасы 380 теңгені құрайды. Бұл өзгеріс фильтрлі және фильтрсіз шылымдарға, папиросқа да қатысты болмақ.
Айта кетсек, елімізде темекі бағасы әр алты ай сайын 20 теңгеге көтеріліп отырады. Былтыр темекінің ең арзаны 320 теңге болған. Осы жылдың басында 340 теңгеге қымбаттады. Ал 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін бекітілген қазіргі бағасы - 360 теңге.
Оқи отырыңыз