KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
488.91 532.62 5

ШҚО-да өз көлігінде өртеніп кеткен таксистің анасы жазатайым оқиғаға сенбей отыр

15.11.2018, 07:01 167

ШҚО тұрғыны белгісіз біреулердің ұлын өлтіріп, көлігімен бірге өртеп жібергенін айтып, дабыл қағуда. Оның айтуынша, мұндай қылмысқа жұмысындағы бәсекелестері баруы мүмкін. Ал полицияда бұл факті бойынша істі жауып тастаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі NUR.KZ  сайтына сілтеме жасап.


Сұмдық оқиға ағымдағы жылдың 19 қаңтарында түнгі уақытта болған. Глубокое ауданының тұрғыны Вера Беловалованың айтуынша, оның 43 жастағы ұлы таксист болып ақша тауып жүретін. Сол түні ұлы әдетінше жұмысқа кеткен.


-Ол түнгі сағат екіде өз машинасымен клиенттерін жеткізіп салуға шықты. Осыдан кейін сағат  4.45-те байланысқа шығып, қазір қайтатын айтқан. Бірақ үйге келмеді. Таңғы сағат сегіздерге таяу полиция қызметкерлері келіп, ұлымның автокөлігі көрші ауылда өртеніп кеткенін айтты, - дейді Вера Беловалова.


Анықталғандай, ұлы өзінің жеке автокөлігінде өртенген. Анасының сөзіне сүйенсек, ер азаматтың басы мен екі алақаны толық жанып кетіпті. Бұдан бөлек аузында бір тісі де қалмаған екен.


-Ал көлік болса толық өртенбепті, жартылай ғана. Біреу қасқана өртегенге ұқсайды. Ұлымның екі қолы сүйегіне дейін жанып кеткен. Ол қорғанған секілді. Тістерін түгел қағып алған. Ауызы ашық, соңғы деміне дейін қатты айғайлаған ба деп ойлаймын, - деп әңгімелейді марқұмның анасы.


Қайғыдан қан жұтқан ана ұлының өлімі жазатайым оқиға екеніне еш сенер емес. Жоғарыда айтылғанды ескерсек, оның сөзінің жаны бар.


Тағы бір күмән туғызатын жағдай - марқұмның өртеніп кеткен денесі автокөліктің артқы орындығынан табылған. Сондай-ақ, оның өзімен бірге алып жүретін үйітетін (паяльный) лампасы машинадан жоғалып кетіпті. Осы түсініксіз жайттар Вера Беловалованы ұлын біреулер қинап өлтірді деген ойға итермелеуде.


Біраз уақыт өткен соң, полиция тергеуді тоқтатып, істі жауып тастайды. Себеп? Қылмыс құрамы жоқ екен. Амалы таусылған ана прокуратураға арызданып, іс қайта қарала бастаған.


Ұлының адам қолынан қаза тапқанына Вера Беловалова сенімді. Ол, тіпті, мұндай қылмысқа кімнің баруы мүмкін екенін де айтып отыр:


-Менің ойымша, мұны істеген ұлымның бәсекелестері. Ол өткен жылдың қараша айынан таксист болып жұмыс істей бастады. Ал жергілікті жердегі таксистердің «пятак» дейтін межелі орындары бар, олар сонда жиналып, кезекке тұрады, клиенттерді бөліседі. Бұлардың ортасына ұлым сай келмей қалған екен. Әлгі таксистер ұлыма «біздің жерімізде жұмыс істеме» деп талай рет қоқан-лоқы көрсетті. Тіпті, бір-екі рет төбелесуге дейін жетті. Ұлым олардың сөзіне құлақ аспады, өйткені отбасын асырау үшін оған ақша қажет болатын. Мен оған қауіпсіздік үшін арнайы ұялы қосымша орнатып ал деп айттым, сонда таксистер де мазаламайтын еді. Бірақ тыңдамады...


Енді бұл қайғылы әрі түсініксіз оқиғаның анық-қанығы алдағы уақытта белгілі болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив