KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, ОШ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

"Шикізат жоқ" Семейдің тері комбинаты 9 ай тоқтап тұрады

7.11.2018, 09:28 209

Семейдегі былғары тері-мех комбинаты күніне 70 тонна ірі қара терісін өңдеуі тиіс екен, бірақ қазіргі уақытта бұндай көрсеткіш мүлде жоқ. Жоспардың тек 7 пайызы ғана орындалып келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Аталмыш комбинат жыл он екі айдың 9 айында жұмыссыз тұратын болып шықты. Себебі, осында өндірілетін 16 түрлі теріні дайындап шығаруға өндірушілерге шикізат жоқтығы қолбайлау болып отыр екен. Бүгінде нарықта жаңадан пайда болған шетелдік алып-сатарлар семейлік өнім өндірушілердің өнімдерінің үштен бірін өз елдеріне тасып алып кетеді екен. Сөйтіп, Шығыс Қазақстандық шикізат Ауғанстан, Қытай және тағы басқа елдерге үсті-үстіне тонналап кетіп жатыр.


-Оның үстіне салықтың да еңсені басып тұрған мәселесі тағы да бар,-деген еді осыдан біраз бұрын Астанадан ат арылтып келген ҚР Парламент депутаты Владислав Косаревке «Семей былғары тері-мех комбинаты» ЖШС директоры Жұмағазы Рахымғалиев.


Бұл күндері шетелдерде тері өңдеу технологиясы өте жоғары дамыған. Базарлар мен дүкендердегі Түркия тондары сұранысқа ие. Мәселе сонда, шетелдік кәсіпкерлер біздің шикізатты қымбат бағаға сұрайды. Тері мен жүнді жерге тастай алмайтын мал баққан халық қолдағы бар шикізаттарын қымбат бағаға өткізгенге құмар. Сиыр терісінің келісі шамамен 3500 теңгеден өтті делік. Одан көрші елдің кәсіпкерлері 5-6 аяқ киім жасап, әрқайсысын өзімізге 8-10 есе қымбатқа сатады. Сөйтіп шетелдіктер шикізатты бізден өздеріндегі бағадан өте арзан бағаға сатып алып, өздерінің экономикасын жандандыруда.


Шығыс Қазақстан облысы Елбасы Жолдауында айтылған үдемелі инновациялық даму, Отандық өнім өңдеу, өндіру сияқты ауқымды мәселелерден сырт қалмақ емес. Осы орайда Семей былғары тері-мех комбинатының алға қойып отырған жоспарлары өте үлкен екен әрі болашағы зор екендігін ескерген жөн. Бірақ....


-Дәл қазіргі таңда біз 9 ай тоқтап тұрамыз, тек 3 ай ғана жұмыс істейміз,-деп түсіндірді нақты жағдайды директор Жұмағазы Рахимғалиев,-шикізат жетпей жатыр. Шығыс Қазақстанда өндірілетін терінің тек 10 пайызын ғана жинақтай аламыз. Бұл дегеніміз жылына 40 тонна ірі қара терісін ғана өңдейміз деген сөз. Ал негізінде тәулігіне 70 тонна өңдей алатын қабілетіміз бар. Облыс бойынша жылына 400 мың бас ірі қара терісі өңдеуге өткізілуі тиіс.


Жұмағазы Рахимғалиевтің айтуынша, қазірде Қытай мен Ауғанстан алып-сатарлары біздің елдің, облыстың ірі қара терілерін сатып алу үшін қымбат баға ұсынатынды шығарған. Ауыл адамдары әрине, бұған келіседі. Сөйтіп өзіміздің отандық кәсіпорында шикізат жеткіліксіз болып қалады. Елбасы биылғы Жолдауында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты басымдыққа айналуға тиіс» деген еді. Олай болса, Отандық өнім өндірушілерге шынымен де қолду болғаны жақсы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив