Ауылдастарының барлық несиесін жауып берген футболшы
Хорватия ұлттық құрамасының ойыншысы Анте Ребич жерлестерінің бүкіл несиесін жауып берген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл ақпаратты Антенің досы Ловро Шиндик таратқан екен.
Оның айтысынша, жазғы әлем чемпионатында үздік өнер көрсеткен Хорватияның ойыншысы Анте чемпионаттан тапқан ақшасымен өзі туған Имотск ауылының 500 тұрғынының несиесін өтеп берген.
Анте елінен жырақтап, Италияға доп тебуге аттанғанда 19 жаста болыпты. Содан бері туған еліне жақсылық жасауды бір минут та есінен шығармапты бұл азамат.
Оқи отырыңыз