KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 2 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Баспанасыз қалған отбасы Өскемендегі әлеуметтік орталықты паналап отыр

3.11.2018, 09:38 165

 


Өскемендегі «Ульба» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы көмекке зәру талай адамды қанатының астына алып, қамқорлық көрсетіп келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жақында бұл мекемені баспанасы өртеніп, барар жер, басар тауы қалмаған бір отбасы келіп паналапты.


– Алты адамнан тұратын бір отбасының тұрып жатқан баспанасы өртеніп, уақытша бізге орналасты. Енді осы жерде екі аптадай болады. Бұл уақытта біздің қызметкерлер қажетті құжаттарды жинастыруға, басқа да қажетті көмек көрсетуге тырысады, – дейді «Ульба» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Сәния Аубакирова.

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар жұмысымен танысқан аталмыш орталықта мүмкіндігі шектеулі жандарға, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге, жалпы көмекке мұқтаж адамдарға әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі. Бүгінгі күні мекемеде 16 мүмкіндігі шектеулі бала мен 60 ересек адам көмек алуда. Олар күн сайын таңертеңгі сегізден кешкі беске дейін осы жерде болады.


Жартылай стационар тәртібінде жұмыс істейтін «Ульбаның» қызметіне жүгінгісі келетіндер қатары қалада тіптен көп. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің тізімі бойынша ондай адамдардың кезегі 2021 жылға дейін бос емес көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив