KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Англияда журналистерге арналған сим-карта шықты

26.10.2018, 04:00 78

Англиялықтар ешкім тыңдай алмайтын, иесіне қауіпсіз сим-карта шығарды.


Brass Horn Communications деп аталатын стартап жобасының шығарған сим-картасы арқылы жасырын сөйлесуге мүмкіндік бар. Арадағы әңгімені де, жазысқан хаттарды да ешкім тыңдап, көре алмайды.


Бұл жобаның негізін қалаған Гарет Левелин сим-картаны саудағы шығарып қана қоймай, мұқым Англияны қамтығысы, тіпті шет елдерге шығарғысы келеді.


"Ең әуелі ерекше сим-картаны журналистер, информаторлар және басқа да өмірі қауіп-қатерге толы мамандық иелері ұстаса", дейді өнертапқыш.


Айта кетейік, бұл жоба TOR технологиясының арқасында іске асқан. Ал аталмыш технология Android-тың базасында жуықта ғана пайда болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив