KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Семей тұрғыны Фейсбуктегі жазбасы үшін сотқа тартылды

25.10.2018, 04:28 81

Семей тұрғыны Фейсбуктегі жазбасы үшін сотқа тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Семей айнасы сайтын нұсқап.


– Сот Қылмыстық Кодекстің 405-бабы екінші бөлімі бойынша Ишмухаметов Ф.М.-ны айыпты деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеді, – деп қаулы шығарды сот.



Биылғы шілдеде аталмыш азамат Facebook парақшасына Семей маңындағы кенттің су мәселесін жазған. Онда ол қазіргі билікті шенеп, Қазақстанда тиым салынған ұйымды (ДВК) қолдап, жазба қалдырған.


Ол өз жазбасын қазіргі уақытта өшірді.


– Біз 2 шақырымнан батпақтап су тасимыз. Тіпті шәй іше алмай отырмыз, енді не істеуім керек еді? Аталмыш ұйымның азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсартатын тұстарын ғана қолдадым, – депті Ф.М.Ишмухаметов.


Айта кетейік, сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив