KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Өскемендегі «Balausa» стартап-жобасының авторы өз өнімдерін таныстырды (фото)

25.10.2018, 04:28 202

«Balausa» стартап-жобасының авторы – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ физика және технологиялар кафедрасының шебері Нұрлан Досмұрат «Stratup Bolashak: Менің Арманым» стартап-жобалардың ұлттық конкурсында финалға шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жас ғалым ұлттық ертегілер мен мультфильмдер негізінде табиғи материалдардан ыдыс-аяқ, жиһаз, ойыншық және киім-кешек өндіруді қолға алғалы отыр.


– Менің жұмысымдағы негізгі технология – ЧПУ станогы. Ол – сандық бағдарламамен басқарылатын аспап. Мен бұрыннан осы станокпен жұмыс істегенді ұнатамын, сол себепті 2017 жылы өзімнің алғашқы лазерлі ЧПУ станогымды сатып алдым. Сосын ақырындап станокпен түрлі заттар жасай бастадым. Өзім педагог мамандығын бітіргендіктен әрі үш баланың әкесі болғандықтан тәрбие мәселесі әрқашан ойымда жүреді. Елімізде ұлттық бағытта тәрбие беретін ойыншықтар жоқтың қасы, сол себепті өз мүмкіндігімді пайдаланып, балалар ойыншықтарын шығаруды қолға алдым. 2017 жылы ақпан айында өткен «STARTUP BOLASHAK: Менің арманым» ұлттық байқауы арманымды жүзеге асыруға түрткі болды. Қазір кіші-гірім цех құрдық. Бұйырса, бір айдан кейін байқаудың финалына барамыз. Айтпақшы, байқау басталғанда 500 жоба қатысқан болатын, соның тек 34 жобасы финалға жолдама алды, – дейді Нұрлан.



Нұрлан Досмұраттың айтуынша, жобаның артықшылығы – ұлттық бояуды қолдануда. «Balausa-ның» мақсаты – ұлттық тәрбиелік рөл атқаратын балалар өнімдерін шығау, «Balausa» брендтін қалыптастыру, балалар тәрбиесіне бренд-өнім арқылы үлес қосу.

– Жобаны қиялдау оңай, ал жүзере асыру қиың екен. Бірақ, жобаға деген қызығушылығым қиындықты жеңуге күш берді. Жобаны бастағаннан бері демалған емеспін, күніне 15 сағат жұмыс істеймін. Семьяның қу тірлігі өз алдына. Менің қарбаластығыма балаларымның үйренгені соншалық, сәл демалып отыра қалсам, үш жасар қызым «әке, неге жұмыс істемейсің, жұмыс істесеңші» дейтін дәрежеге жетті, – деп күледі Нұрлан Досмұрат.


Қазір жоба аясында цех құрылып, станоктармен толығып жатыр. Алғашқы өнімдер сатылымға шығарылған, өнім көлемін арттыру үшін инвесторлар мен мемлекеттік гранттар қарастырылуда. Өндіріс мүгедек жандарды жұмыспен қамту мүмкіндігін де бера алады.


– Жоба енді ғана жүзеге асып отырғандықтан, кейін бәйтеректей алып болсын деген үмітпен «Балауса» деп қойдық. Жоспар – жыл аяғына дейін Өскеменде толыққанды цех құру және өнімдерді бүкіл Қазақстанға тарату. Қазіргі уақытта бізде шағын болса да өндіріс бар. Енді соны ұлғайту жұмыстары жасалып жатыр, – дейді өнімді көптеп шығаруды көздеп отырған жас кәсіпкер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив