2019 жылдан бастап магистратураға қабылдау ережелері өзгереді
2019 жылдан бастап барлық білім беру бағдарламалары бойынша магистратураға қабылдау кешенді тестілеу негізінде жүргізіледі. Жоғары оқу орындары түсу емтихандарына араласпайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
Осы ретте депутаттар магистратурада оқу гранттары шенеуніктер үшін сауда нысанына айналғаннын атап өткен еді. Себебі қабылдау, апелляциялық комиссиялардың құрамына ЖОО-ның қызметкерлері кіреді.
Бақытжан Сағынтаевтың айтуы бойынша, «Білім туралы» заңға түзету енгізілді. Ол бойынша 2019 жылдан бастап магистратураға қабылдау бакалавриатқа ұқсас, яғни «грант білім алушыларға жүктеледі» қағидаты бойынша жүргізілетін болады. ЖОО таңдау құқығы магистрантқа еркінді.
– Магистратураға білім гранттарын берудің жаңа қағидатын енгізу жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қабылдаудың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – дейді премьер-министр.