KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
443.44 480.51 4.88

ҰБТ-дағы өзгеріс: Түлектер жарты жыл бұрын оқуға түсе алады

16.10.2018, 05:34 108

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ұлттық бірыңғай тестілеуге еннізілген өзгертулер туралы айтты, деп xабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Министрдің мәлімдеуі бойынша:


Біріншіден, келесі жылдан бастап ҰБТ жыл ішінде қаңтар айында басталып, бірнеше рет өткізіледі.


Екіншіден, қаңтардан бастап мектеп түлектері үшін ақылы негізде оқуда шартты түрде түсуге мүмкіндік беріледі.


Үшіншіден, жоғары оқу орындарында шетел азаматтарының оқу жылы кезінде оқуға қабылдау мүмкіндігі қарастырылған.


Төртіншіден, шетел азаматтары, соның ішінде қазақ диаспорасы үшін стипендиялық бағдарламалар енгізіледі.


Бесіншіден, магистратураға қабылдаудың жаңа моделі енгізілуде. Оның негізі бакалавриатқа қабылдау моделіне ұқсас. Сондай-ақ магистратурада гранттар студенттерге беріледі және жоғары оқу орындарын таңдау мүмкіндігі болады.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив