KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Бесқарағайда жыл соңына дейін 25 көшенің атауы өзгертіледі

25.10.2018, 03:25 226

Бұл туралы аудандық ономастика жөніндегі жұмыс тобының отырысында мәлім болды. Күн тәртібінде идеологиялық тұрғысынан ескірген көше атауларын ауыстыру мәселесі қарастырылды.


Кездесуге ономастика жөніндегі жұмыс тобы төрағасының орынбасары Әсемгүл Қалтаева жетекшілік етті. Басқосуда Глуховка, Ерназар, Кіші-Владимировка ауылдық округтеріндегі көмескіленген көшелерді өзгертуге ұсыныс тасталды.


Жұмыс тобы келіп түскен жаңа нұсқаларды талқылап, басым көпшілігі тың атауларды қолдады. Енді Беген ауылдық округіндегі Советский көшесі Дінмұхамед Қонаевқа, Ленин көшесі Мұхтар Әуезовке, Кривинка ауылындағы Карл Маркс көшесі Желтоқсанға, тағы бір Советский көшесі Алашқа, Ленин көшесі Болашаққа ауыстырылмақ. Сол сияқты қарағайлы өңірде Тәуелсіздік және Достық сынды жаңа көше аттары пайда болады.


Жоғарыда байқағанымыздай, ауданда кеңестік дәуірден қалған көшелердің саны аз емес. Алқалы топпен мақұлданған барлық құжаттар облыстық ономастика комиссиясына қарауға жіберілді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив