KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Семейлік полицейлер қала тұрғынын дүкен тонауға мәжбүрлеген

23.10.2018, 04:32 75

Семейде үш бірдей полиция қызметкері бас бостандығынан айрылды. Тәртіп сақшылары есірткіге тәуелді тұрғынды дүкен тонауға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі semeyainasy.kz сайтына сілтеме жасап.


Семейлік полиция қызметкерлері Берікбол Жиембай мен Ерлан Сыздықов беті ашылған қылмыстар санын көбейту үшін, есірткіге тәуелді қала тұрғынын Defacto киім дүкенін тонауға көндірген. Жеңілдің үстімен жүріп өтпек болған сақшыларға Полиция басқармасының бұрынғы қызметкері Ф. Самигулов  көмектесіпті.


– Олар мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік өзін-өзі басқару мүдделеріне қарсы ауыр сыбайлас жемқорлық және қылмыстық құқық бұзушылық жасады, – деп шешті сот.


Тәртіп бұзған тәртіп сақшыларының әрқайсын 5 жылға бас бостандығынан және өмір бойына мемлекеттік қызметке орналасу құқынан айырды.


Сонымен қатар сот, басшылық тарапынан ведомстволық бақылаудың жоқтығы жәбірленушінің конституциялық құқықтарын бұзуға әкеп соққан айта келе, бұл жайды Семей ІІБ басшысының назарына жеткізуді тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив