KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
471.83 505.66 5.4

"Әміре" Голливуд кинофестивалінің алғашқы кезеңінен бірінші орынмен өтті

22.10.2018, 10:18 120

23-28 қазан күндері Лос-Анджелесте өтетін халықаралық Hollywood Film Festival кинофестивалінің алғашқы кезеңінде «Әміре» фильмі Silver Screen Award марапаатына ие болды.


Silver Screen Award марапаты сарапқа салынған бірінші кезеңде фестивальге қатысушы әр елден бірнеше туынды қатысқан болатын. Бірақ бұл жүлде «Әміренің» қанжығасына байланды.


Фильм енді аталмыш марапаттың жеңімпазы ретінде финалдық кезеңде басты жүлде үшін таласады. Оған Франция, Германия, Чили, Жапония, Швеция сынды 16 мемлекеттің туындысы түсіп жатқандығын айтып қояйық.


Аталмыш фестиваль 1997 жылдан бері өткізіліп келеді. Мақсаты – жас таланттарға жол ашып, тәуелсіз киноның өрісін кеңейту.


– Ұлы тарихи оқиғалар әлемді өзгертетіні мәлім. Ал біздің әлем үлкен өзгерістердің болғанын қалайды. Голливуд – тәуелсіз кинематографтар үшін тиімді әрі беделді орта. Бұл ортаға қарап келешекте тамаша таланттар тәрбиеленеді, – дейді фестиваль ұйымдастырушылары.


Қоса кетейік, елімізден бұл додаға «Әміремен» қатар «Саташ», «Эль Фриман», «Асан» сынды толық және қысқа метражды фильмдер түскен болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив