KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 7 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Тиым салынған гербицид пайдаланған инвестордың үстінен қылмыстық іс қозғалды

22.10.2018, 09:11 157

Шығыс Қазақстан облысындағы Бесқарағай ауданында қытайлық «Long Xin» компаниясына 2015 жылы 15 мың гектарға жуық жер жалға беріліп, қазіргі күні қытайлықтар осы жерде ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірумен айналысып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бүгін Өскеменге келіп, жерге қатысты өзекті де өткір мәселелерге байланысты салалық басқармалар, бөлімдер мамандарымен кездесу өткізген Мәжіліс депутаты Берік Дюсембинов облыстық жер қатынастары басқармасы және жерді пайдалану және қорғау жөніндегі басқарма басшыларынан Бесқарағай ауданындағы аталған қытайлық инвестордың жерді пайдалануда неліктен заң бұзушылыққа жол бергендігін сұрады.


Бүгінде Бесқарағай жерінде бау-бақша дақылдарын, соя, күнбағыс басқа да майлы дақылдар өсіріп жатқан қытайлық инвестор 2016 жылы жер өңдеуге Қазақстанда тіркелмеген, әрі қолдануға тиым салынған гербицидтерді пайдаланған.


Құқық қорғау органдарының тексеруінен соң шетелдік жер пайдаланушыдан тиым салынған дәрі дәрмектер түгелдей тәркіленген. Инвестордың «өзімбілемдік» бұл әрекетіне байланысты қылмыстық іс қозғалған. Бірақ оның немен аяқталғанын басқа емес жер қатынастары мәселесіне жауапты басқарма басшысы да білмейді.


"Елімізде халық тоқымдай жер үшін шыр пыр болып, жер мәселесі күн тақырыбынан түспей келе жатқанда, жалға алған жерін өңдеуде, пайдалануда заңды бұзған шетелдік компанияға қандай шара қолданылды?"


Депутат Дюсембиновтың осы сауалына сала басшыларынан ешкім жарытып жауап бере алмады.


Жер қатынастары басқарамасы басшысының бар айтқаны: алдағы уақытта істің мән, жайын, қорытындысын анықтап, жеткіземіз деген жауап болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив