KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Өскеменде есірткі саудасының аса белді өкілдері ұсталды

16.10.2018, 02:46 164

Өскеменде аса қомақты мөлшерде есірткі сақтап келген екі адам ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Күдіктілердің гаражынан 10 картон қорапқа және 4 пакетке салынған өзіндік бір исі бар көк шөп табылды. Мамандар оның марихуана екендігін анықтады. Салмағы – 200 келі. Сонымен қатар 5 келі наша да бар, –деді Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы.


47 жасар Өскеменнің, 51 жасар Астананың тұрғынының үстінен, ҚР қылмыстық кодексінің 296 бабына сай, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Аталмыш бапқа сай, қылмыскерлерге ең көбі 7 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалады.

Қазір күдіктілер уақытша қамау изоляторында отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив