KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Өскеменде 60 жыл бойы от жағып келген үйлер жылу жүйесіне қосылды

15.10.2018, 09:30 156

Облыс әкімі Даниал Ахметов биыл сужаңа жылу жүйелері тартылған Өскемен қаласындағы Челюскин көшесіндегі біреше көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Алтайньюс.


Айта кетейік, биыл аймақ басшысының тапсырмасымен аталмыш көшедегі алты екі қабатты тұрғын үйге жылу жүйесі тартылған-ды.


Соның арқасында бұған дейін үйлерін пеш жағып жылытып келген 48 пәтердің тұрғындары орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған.


Жергілікті тұрғындардың бірі, биыл жасы 70-ке толған зейнеткер Нина Щуканың айтуынша, халық бұл қуанышты сәтті 60 жылға жуық уақыт бойы күтіпті.


- Бұрындары үйімізді жылыту үшін жылына алты тоннадай көмір сатып алатынбыз. Енді мұның қажеті жоқ. Соңғы рет келгенінде облыс әкімі біздегі жағдаймен танысып, міндетті түрде көмектесетінін мәлімдеген болатын. Даниал Кенжетайұлы өз сөзінде тұрды. Сол сапары кезінде облыс әкімі біздің көзімізше құзырлы органдарға тиісті тапсырма берген еді. Ертеңіне-ақ құрылыс жұмыстары басталып, соның арқасында қыс түспей тұрып жаңа жылыту жүйесі тартылып қойды. Біздің мәселемізді шешіп берген ел ағаларына мың алғыс, - деді зейнеткер.


Облыс әкімі сапары барысында жүргізілген құрылыс жұмыстарының сапасына жоғары баға беріп, енді халық көмір сатып алып қиналмайтынын мәлімдеді.


Айта кетейік, "Өскемен жылу жүйелері" АҚ жүргізген құрылыс жұмыстарына шамамен 21 миллион теңге жұмсалған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив