KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 2,3 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Паллиативтік көмек үшін дәрілік заттардың тізімі кеңейтіледі

12.10.2018, 04:50 136

Қазақстанда паллиативтік көмек үшін дәрілік заттардың тізімі кеңейтілмек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Тиісті бұйрыққа Денсаулық сақтау Министрі қыркүйек айында қол қойып отыр. Бұл бұйрықта бақылануға жататын есірткі құралдарын,  психотропты заттарды және олардың прекурсорларын медициналық мақсаттарда пайдалану Ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген екен.


Атап айтқанда, ереже есірткі анальгетиктердің таблеткалы түрін жазып беру мен дәріханадан босату нормаларымен толықтырылған. Себебі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша ауыр жағдайдағы науқастарды ауырсынуды басатын инъекциялық емес дәрілік заттармен қамтамасыз ету қажет болып табылады.


Осы ретте Морфин есірткі анальгетик препаратының таблеткалы түріндегі өндірісі қолға алынды. «СҚ-Фармация» ЖШС пациенттерді апиынды анальгетиктермен дәрілік қамтамасыз ету қызметтерін сатып алуда.


Науқастар мұндай препараттармен осы қазан айынан бастап қамтамасыз етіле бастауы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив