KZ
Өскемен
+25°
пасмурно жел 4 м/с, В
439.43 473.31 4.82

Қойды 111 рет көтерген семейлік қыз сайыстың бас жүлдесін жеңіп алды

2.10.2018, 09:58 146

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «АгроСемей-2018» ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің халықаралық көрмесі өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Көрмеге келушілер назарына облыстағы асыл тұқымды жылқылар, қазақтың ақбас сиыры, түйе мен ұсақ малдардың түрлері де көрсетілді. Қыран, бүркіт, қырғауыл сынды құстар мен үй қояндарының небір түрлерін көруге болады.


-Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған көрмеге, облыстан басқа, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Моңғолия, Франция, АҚШ пен Қытайдан келген айтулы мамандар, өз ісінің білгірлері де қатысып отыр,-деді Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің ректоры Мейір Ескендіров.


Сондай-ақ шара барысындағы сайыста 185 рет қой көтерген Марат Оразбаев бас жүлдеге  ие болса , қойды 111 рет көтерген Айым Нұржанова да жеңімпаздар тұғырына көтерілді. «Алтай» шаруа қожалығының басшысы Меллат Дүйсенбаевтың демеушілігімен екі мықтыға да бағалы сыйлықтар тапсырылды.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив