KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 1 м/с, З
481.84 531.33 5.07

«Дәрігер қателігі» деген түсінік заңнан алынуы мүмкін

29.09.2018, 09:26 213

Қазақстанның заңдарынан «дәрігер қателігі» деген түсінік алынып тасталуы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Бәртанов мәлім етті. Ол денсаулық сақтау мәселелері бойынша жаңа заң жобасын ұсынып отыр. Жаңа заң бойынша, тиісті міндеттерін атқармағаны үшін дәрігерлерді жазалау нормалары алынып тасталған.


Қазір заң жүзінде медициналық стандарттарды орындамау немқұрайлыққа теңестіріледі. Министрдің айтуынша, мұндай теңестіру дұрыс емес, сондықтан бұл норма талдауды қажет етеді.

Жаңа заңда немқұрайлылықты нормативті реттеу қарастырылған.


-Кей елдерде дәрігерге науқастардың ағзасының жеке ерекшеліктеріне бейімделуге мүмкіндік береді. Сол себепті біз стандарттарды сақтамау нормаларын дұрыс түсінбей жүрміз, - дейді министр.


Сондай-ақ, министр халықаралық стандартты сақтау қажеттілігін алға тартып отыр.


-Бүкіләлемдік Денсаулық сақтауұйымыныңстандарттарына сәйкес «дәрігер қателігі» деген түсінік жоқ, "медициналық инцидент" деген түсінік қана бар, -дейді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив