KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 5 м/с, СБ
482.86 533.17 5.08

Қазақстанда ерекше университет ашылатын болды

24.09.2018, 09:16 111

Қазақстанда Орталық Азиядағы алғашқы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті ашылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді. Ерекше университет Елорда төрінде бой көтеруі мүмкін.


Жобаға шамамен 1,5 трлн теңге қажет көрінеді. Министр оның 30%-і мемлекеттен, ал 70%-і жеке инвестициялардан бөлінеді дейді. Мұхамедиұлының сөзіне сенсек, аталмыш білім ордасы ашу арқылы ішкі және сыртқы туристер санын 4,2 есеге, яғни жылына 3-тен 13 миллионға дейін арттырып, 60 мың жаңа жұмыс орнын құрып, 6 млрд доллар инвестиция тарта аламыз.


– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ең үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес (Австриядағы Зальцбург мектебі, АҚШ-тағы Джордж Вашингтон университеті, БАӘ, Швейцариядағы білім мекемелері, Гонконгтағы туризм менеджменті жоғары мектебі) әлемдік деңгейдегі диплом беретін Орталық Азиядағы алғашқы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетін ашамыз, – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.


Министрдің айтуынша, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру арқылы туристік салада жұмыс істейтін адамдар санын 650 мыңға дейін арттыру, сыртқы туристер ағынын 6,5-тен 9 миллионға, ал ішкі туристерді 4,6-дан 8 миллионға дейін жеткізу, Қазақстанды туризм саласы бойынша жетекші 30 елге енгізу жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив