Өскеменде трамвай бағанға соғылды
Өскеменде трамвай бағанға соғылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Куәгерлердің сөзінше, оқиға бүгін, 15 қыркүйек күні сағат 10-11-лер шамасында болған. Валентина сауда үйінің маңында.
Оқиға орнына қала әкімі келіп, мән-жайды білген көрінеді. Зардап шеккен адам бар ма, жоқ па, ол жағы айтылмады.
Ал соңғы бір куәгердің түсірген суретінен қалпына келтіру жұмысы жүріп жатқанын көреміз.
Оқи отырыңыз