KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 5 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

Даниал Ахметов: Мектептерді жапсақ, ауылдың болашағын жабамыз

14.09.2018, 03:36 141

Күршім ауданы Гагарин атындағы №1 орта мектептің жас білгірлері облыс әкімі Даниал Ахметовке өз білімдерінің деңгейін көрсетті. Аймақ басшысының алдында оқушылар адам аттарының шығу тегі, ел ауызындағы мақал-мәтелдер жайлы айтты. Сондай-ақ интерактивті тақтаны да шебер қолдана алатындарын байқатты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Солардың бірі – Елена Савельеьва. 9 сынып оқушысының айтуынша, өз тегіңді білу отбасыңа деген құрметтіңді арттырады.


– Маған өз тегімнің қайдан шыққанын білу қатты қызық болды. Ақыры білдім. Савелий – шіркеу есімі. Бізге грекиялық шолу формасы негізінде жеткен. Әдебиетте сирек кездеседі. Некрасов шығармашылығында «Савлелий» батыр деген мағнаны береді. Қазіргі уақыттағы 250 заманауи тектің ішінен «Савельев» 116 орын алады, – дейді бүлдіршін.


Робот техникасы және IT-технология кабинетін аралап көрген Даниал Ахметов балалардың бұл жерде сабақ оқудан бөлек демалуға да мүмкіндіктері болуы керектігін айтты.


– Қандай да бір ойын бағдарламалары болу керек. Ата-аналардың барлығы бірдей приставка сатып әпере алмайды ғой. Демек бала осы жерде аздап ойнап, қызық қуып, содан соң барып білім де алуы керек, – деді ШҚО әкімі.


Оқу жылының басталғанына он күн ғана өтсе де, оқушылар Назарбаев интеллектуалдық мектебінің стандарттарымен жабдықталған жаңа кабинеттердің қыр-сырын біліп үлгеріпті. Олардың айтуынша, интерактивті тақтада жұмыс істеудің көрнекілігі физика, химия және биология тапсырмаларын шешуге мүмкіндік берген.


Аймақ басшысы толық кешенді мектептердің барлығы заманауи құралдармен жабдықталғанын, тек аз кешенді білім мекемелерінде ғана қиындық барын айтты.


- Бұл жердегі 41 мектептің 7 толықкешенді. Қалғандарында 40 баладан ғана оқиды, 14 мұғалім сабақ береді. Яғни бір мұғалімге 4-5 оқушыдан келеді. Осыдан білім жүйесі зардап шеніп отыр. Бірақ мектептерді жапсақ, ауылдың болашағын жабамыз. Сондықтан осындай мектептерді түрлендіруге арналған бағдарлама жасаймыз. Ол жайында ауыл мұғалімдерімен ақылдастық, – деп түйді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив