KZ
Өскемен
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

Өскемендік ұры "Құрмет" орденін иеленгісі келген

13.09.2018, 09:48 159

Өскемендік тәртіп сақшылары үй тонаушыны қолға түсірді. Бір қызығы, ол үйден жалғыз зат ұрлаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


9 қыркүйекте сағат 17.00 шамасында 52 жастағы Өскемен тұрғыны полицияға үйіне ұры түскенін хабарлаған. Оның айтуы бойынша, сағат 15:45 пен 16:30 аралығында белгісіз біреу жеке үйдің терезесінен түсіп, екінші қабаттағы жатын бөлмеден әкесіне тиесілі «Құрмет» орденін жымқырып кеткен.


Тәртіп сақшылары істің ізін суытпай күдіктіні қолға түсіріп үлгерді. Қылмыскер бұған дейін де сотты болған 32 жасар қала тұрғыны болып шықты. Бұл жолғы айыбын да толық мойындап отыр. 76 жастағы өскемендік қарияға тиесілі орден қайтарылды.


Қазіргі уақытта іске қатысты қылмыстық кодекстің 188 бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив