KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

«Найман шежіресі» кітабының авторы Зейнолла Қайсенов 80 жаста

12.09.2018, 05:33 239

Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихшы, этнограф, өлкетанушы Зейнолла Қайсеновтың туғанына 80 жыл толуына орай шығармашылық кездесу болып өтті.


Зейнолла Әбдікәрімұлы Қайсенов 1938 жылдың 5-ші қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Тарғын ауылында дүниеге келген. 1947-1957 жылы Тарғын орта мектебін бітіріп, Кемерово қаласындағы №3 техникалық училищеде оқыса, ал 1961-1963жылдары Өскемендегі ВНИИЦветмет мекемесінде жұмыс істеген. 1963-65 жылдары. Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген ол 1966-2000 жылдар аралығында Ұлан ауданы және Өскемен қаласының мектептерінде 34 жыл бойы ұстаздық қызмет атқарыпты. Сондай-ақ, З. Қайсенов облыстың этнографиясын зерттеу жұмыстарымен де айналысқан екен. Кітапхана қорында З.Қайсеновтың «Шығыс Қазақстанның тарихи очерктері», «Ұлан ауданының тарихи очерктері», «Найман шежіресі», «Найман шежіресі мен руларының тарихы» атты бірнеше кітаптары бар. Қазіргі кезде Найман тайпасының тарихы мен шежіресін зерделеген тағы екі кітап баспаға дайындалып жатқан көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив