KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
492.22 529.38 5.03

Балалар суициді сегіз есеге артқан

10.09.2018, 04:04 65

Баланы ғаламтордың жағымсыз әсерінен қалай құтқаруға болады, жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқына не себепші, оқушы қыздардың діни атрибутика киюі несімен қауіпті? Қоғамды алаңдатып отырған осы келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында кеше еліміздің барлық өңірінде «XXI ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» тақырыбында республикалық ата-аналар конференциясы өтті. Осыған орай Өскемендегі Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебіне жиналған ата-аналардың қарасы көп болды.



Әлемдік статистика көрсетіп отырғандай, соңғы отыз жылда 10-14 жас аралығындағы балалар суициді сегіз есеге артып отыр. Мектеп психологы Маржан Серікбаеваның айтуынша, былтыр өңірімізде сегіз  суицидтік жағдай орын алған. Сондықтан әр ата-ана баласын эмоционалды қолдауды назардан тыс қалдырмауы керек. Жасөспірімнің күн тәртібін сақтауын қадағалап, араласатын достарын  біліп отыру қажет. Мамандардың айтуынша, өзіне қол жұмсауға итермелейтін факторлар -  ата-ана отбасының шайқалуы, күтпеген сәтсіздік, физикалық немесе моральдық зорлық-зомбылық, жазықсыз балағат, ортаның қудалауы сияқты жағдайлар. Діни экстремизмнің алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай мектеп формасынан ауытқымаған жөн.


   -Мемлекетіміз балалардың денсаулығын қамтамасыз етуге, олардың тәрбиесі мен білім алуына зор кұш жұмсап, отбасы проблемаларын жіті назарда ұстайды. Ел мүддесі үшін өскелең ұрпақтың еңбек және зияткерлік әлеуетін дамыту міндеті – мемлекет саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өскелең ұрпақтың адамгершілік қағидаларды ұстанатын, саналы таңдау жасай алатын және ел игілігіне бағытталған дербес шешімдер қабылдай алатын жан-жақты тұлға болып тәрбиеленуі тиіс екендігін айтудан жалыққан емес. Қазіргі заманғы ата-аналар отбасында баланың дамуы мен тәрбиесі үшін қолайлы жағдай жасап қана қоймай, мұғалімдермен, мектеп әкімшілігімен өзара әрекет етуі тиіс,-деді мектеп директоры Базарбек Садықов.



 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив