Тишинск кенішіндегі машинисті тірідей табу үміті азайып барады
24 тамыз күні «Қазцинк» ЖШС-нің Риддердегі кенішінде тау жынысы опырылып кеткен. Үйінді астында жүк көлігі мен жүргізушісі қалған. Өндірген өнім де бүлінген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Кеншіні іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта ол жерге қандай да бір оқыс жағдай бола қалса, дереу қатып, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бетон қойылды. Бұның арқасында бір емес, үш жақтан бірдей іздестіруге мүмкіндік туып отыр.
Бұл жұмыспен қатар бүкіл кеніш ішіне толықтай тексеріс жүріп жатыр. Адам өміріне қауіпсіз жағдай туғызамыз деп отыр компания басшылығы.
Ал Тишин кенішіндегі бұл оқиғаның себебі алдағы уақытта анықталатын болады.