KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

Риддерде тау жынысы опырылып, машинист үйінді астында қалды

25.08.2018, 03:30 87

Риддер кен-байыту кешенінің Тишинский кенішінде машинист көлігімен бірге үйіндінің астында қалып қойды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


24 тамызда Тишинский кенішінде жер қыртысы құлап кеткен. Машинист дәл сол маңда жүк таситын көлігімен жұмыс істеп жүрсе керек. Қазір 15 метр тереңдіктегі өндіріс  тоқтап тұр.


Басшылық пен жұмысшылар бірден іздеу-құтқару жұмыстарына кіріскен. Құзыретті мемлекеттік органдарға да хабар беріп үлгеріпті. Оқиға орнында қазір құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.


Мамандардың айтуына қарағанда, машинист көлігімен бірге құлаған үйіндінің астында қалған.


Құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив