KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

ШҚО-да құтқарушылар шахтада қалған жұмысшыны әлі таппай жатыр

29.08.2018, 05:22 266

ШҚО-дағы  Тишин кенішінде құлаған тау жынысының астында қалған машинисті іздестіру-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


24 тамызда Риддер кен-байыту кешенінің Тишин кенішінде машинист көлігімен бірге үйіндінің астында қалып қойған болатын. Арада бір жұмаға жуық уақыт өтті. Оператор табылар емес. «Казцинк» ЖШС қоғамммен байланыс басқармасының айтуынша, құтқарушылар мен шахта жұмысшылары жұмылып, күн-түн демей іздестріп жатыр. Оқиға болған жерге жақындай түскен көрінеді. Мамандар енді опырылған қалың жыныс операторды әлдеқайда селдей көшіріп әкетуі мүмкін деп қауіптеніп отыр. Жұмысшының тірі қалу-қалмауы екіталай екені де шындық.


Қалай болғанда да, құтқарушылар дамыл таппай жұмыс істеп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив