ШҚО-да алтыға толмаған балаларды мектепке қабылдап жатыр
Ағымдағы жылы баланы мектепке қабылдау кезіндегі міндетті құжаттардың ережесі мен тізілімі өзгерді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Білім басқармасы басшысы Сайрангүл Жұмадилованың мәлімдеуінше, енді мектептерде бүлдіршіндерді алты жасқа толмаса да қабылдай береді. Бірақ ағымдағы жылдың соңына дейін алтыға толуға тиіс. Бұған дейін жасы алтыға жетпеген балалар келесі оқу жылына қалып қоятын.
Баланы мекепке орналастыру үшін білім беру мекемесіне келесі құжаттардың тізімін әкелу қажет:
-ата-анасының өтініші;
-туу туралы куәліктің көшірмесі;
-денсаулық жағдайы туралы анықтама;
-фотосурет.
Оқи отырыңыз
Мектепке баланы алты жастан беру керек – Білім және ғылым министріӨскеменде бірінші сыныпқа қабылдау басталады"Балабақшаға бармаған балаларға арналған дайындық курстары бар" – Мектепке қабылдаудың жаңа ережесіҚазақстандық балалар бес жастан бастап сабаққа барады – БҒМ"Бес түрлі құжат керек" – ШҚО-да бірінші сыныпқа қабылдау басталды