KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 6 м/с, В
475.18 510.72 5.47

Өскеменде дүкеннің сатушысын пышақпен қорқытып, ақша алып кетті

19.01.2019, 05:53 161

Қарақшылық әрекетке барған Өскеменнің 51 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Оқиға 13 қаңтарда болған екен. Ертіс полиция бөліміне облыс орталығындағы дүкендердің бірін тонап кеткені туралы хабар түседі. Дүкен сатушысының айтуынша, сауда орнына келген ер адам оны пышақпен қорқытып, кассадан 80 мың теңге алып кеткен.


Дүкенде бақылау камералары болмағандықтан полицейлерге күдіктіні шамаланған сипаттама бойынша іздеуге тура келді.


-Жедел-іздестіру шараларының барысында 51 жастағы азамат құрықталып, толығымен өз кінәсін мойындады, - деп хабарлайды ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.


Анықталғандай, ер адам танысымен ішімдік ішіп отырып, ары қарай отырысты жалғастыру үшін ақша табуға бел буған екен.


Күдікті уақытша ұстау изляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив